depresia

Бала босанудан кейінгі депрессия

Босанғаннан соң әйелде физикалық және психологиялық өзгерістер болып жатады. Бірақ бұның барлығы уақытша болатын құбылыс. Бала босанудан кейінгі депрессия белгілері: мазасыздану, ұйқысыздық, көңіл күйдің ауытқуы, мұңаю , ызалану және шамадан тыс шаршау.

Сондықтан депрессияны бастапқы сатысында қолға алу керек . Алдын алу шаралары. Дұрыс тамақтану,дәрумендер мен көмірсуларға бай тағам түрлерін пайдалану және де тәтті мен жемістерді көп пайдаланбаған дұрыс. Ананың көбірек тынығуына барынша мүмкіндік жасау.

rebenak

Нәрестенің жынысын қалай анықтауға болады?

Әр қыз келіншек алғашқы жүктілік кезеңінде құрсақтағы сәбиінің жынысын білуге асығатыны рас.Баланың жынысын 15-16 апта кезінде УДЗ арқылы білуге болады. Ал енді халық арасында кеңінен таралған болжамдар арқылы да нәрестенің жынысын анықтау әдіс тәсілдерін қолданып жүргендерде барщылық . Осы болжамдар арқылы сәбиіңіздің жынысын білуге мүмкіндік бар.

Егер жүкті әйел тәтті тағамдарға және жемістерге жерік болса онда қыз болады.Ал егер ащы тағамдарды қалап тұрса онда ұл бала
Іштің пішініне қарап та анықтап жатады. Егер іштің пішіні жалпақ болса онда қыз , ал егер сүйір болса ұл. Сыртқы келбетіне қарап та анықтауға болады. Егер бетке дақтар , безеу көбейіп кетсе оны қыз бала болады деп болжайд. Ал келіншек жүктілік кезде құлпыра түссе онда ұл күтеді деген болжам.

klimaks

Климакс

Климакс – бұл әйел организімінің жас шамалық қайта құрылу,
жыныстық қызыметінің өшу кезеңі, етеккірдің тоқтауы,
бала туу кезеңінің аяқталуы. Кейбір әйелдерде етеккір аяқасты тоқтап калады. Әйелдер бойында болатын климакс кезеңі менопауза деп аталады.

Бұл кезең әртүрлі жағдайда өтеді. Менопаузаның белгілері біреулерде көңіл күйдің өзгеруімен ерекшеленсе, енді біреулерде денсаулық сыр беріп, ұйқысы бұзылады. Климакстың ерте басталуына әйелге жасалған гинекологиялық оталар, гормондармен емделу, стресс, инфекциялық аурулар мен жат қылықтардың болуы әсер етеді. Климакстың алғашқы белгілері пайда болғаннан бастап одан оңай өту жолдарын қарастырып дәрігерлік тексеруден өту қажет.

volosi

Жүктілік кезде шаш бояуға болама?

Жүктілік кезде горманалды өзгерістер болады. Сондықтан жүкті әйелдерге көбіне шаш бойаулары жақпай алергия беріп жатады. Бұл дегеніміз құрсақтағы сәбиге кері әсерін тигізеді деген сөз. Шаш бояуынын құрамында аммияк бар ол шашқа кері әсерін тигізуі әбден мүмкін.

Көбіне жүктілік кезінде шашты қынамен бояп жатады. Қынаның аса зияны жоқ. Негізі жүктілік кезде шашты алғашқы уш айда боямауға тырысыңыз. Егерде шашыңыз ұштанып, реңі өзгеріп сұлулығын жоғалытп жатқан жағдайда онда шашты ек реттен артық бояуға болмайды.

displazia

Дисплазия

Қазіргі кезде сәби дүниеге келісімен ортан жіліктің ұршық басы дисплазиясы деген диягноз қойылатын болды. Бұл қандай ауру?
Бұл – тірек қимыл жүйесінде болатын кемістіктердің бірі. Негізі дисплазияның түрі көп. Соның ішінде осы ұршық басы дисплазиясы жайлы айта кетсек. Мұнда баланың ортан жілігінің шығып кетуі іштен туа болады немесе соған бейім боп туады. Бұның себептері көп.

Бұл тұқымқкалаушылық, анасы жүкті кезде түрлі сырқаттармен ауыруы,экалогиялық жағдай, дұрыс тамақтанбай осының бәрі әсер етеді. Бұны дер кезінде емдеу қажет. Дисплазия емін ренген жасап болғаннан кейін ортапед дәрігерлер тағайындайды. Дисплазия кезінде дәрігерлер физеотерапия, массаж және арнайы емдік үзенгі кигізуге кеңес береді. Бұндайда тек дәрігердің кеңесін алып барып ем қабылдаған дұрыс.

alergia1

Балаларда кездесетін алергиялар

Алергия жас талғамайтын ауру түрі. Қазіргі кезде алергияға шалдыққан балалар саны артып кетті. Бұның себебі экалогияның нашарлауы және де салауатты өмір салтын ұстанбағандықтан. Баланың имунитеті мықты болған жағдайда оған ешқандай алергия қауіп тигизбейді.
Балаларда кездесетін алергия түрлері:

Сиыр сүтіне, маусымдық алергиясы, тағамдық және дәрілік алергия.
Тағамдық алергия көбіне емізулі балаларды жасанды көректендіруге ауыстырған кезде кездесіп жатады. Дәрілік алергия да кеңінен етек алды. Енді алергияны болдырмас үшін алдын алу шараларын жасау қажет.
Ол үшін күнделікті баланың бөлмесін жинап тазалауды ұмытпаңыз. Баланың ойнайтын ойыншықтарын жуып және де бөлме ішін желдетіп тұру керек.
Үй жануарлармен қарым қатынасты азайту. Баланы тамағын қадағалап уақытымен берген дұрыс. Таза ауада серуен.
Балаңыз алергия болған жағдайда дәрігерден кеңес алып ем қабылдау қажет.

besik

Бесікке бөлеу

Баланы бесікке салу қазақ халқына тән ұлттық қасиет. Бесікке дейін бала жөргекте болады. Сәби қырқынан шықаннан кейін ширайды. Бесік баланың тазалығына өте қолайлы. Бесікке баланы қол аяғы түзу қалыпты жетіліу үшін шыттан тігілген матамен жөргектеп бөлейді. Баланы бесікке бөлерде бесікті аластап алады.

Бесікке бөленген баланың ұйқысы тыныш, бойы жылы, тәні таза болады. Жайлы бөленген нәресте бірден ұйқтайды. Сәби ұзақ уақыт бойы тыныш ұйықтай береді. Себебі , қол аяғы байлаулы. Бала ұйқы кезінде қол аяғының қозалуымен шошуы мүмкін. А бесікте ондай жоқ. Сәбиді бесікке бөлеу ол ертеден келе жатқан дәстүр. Сондықтан өз пікірім баланы бесікке бөлеуге кеңес берер ем.

varikoz

Жүктілік кезіндегі көк тамырдың кеңейуі (варикоз)

Жүктілік кезінде мазалайтын жайттың бірі ол варикоз ауруы болып табылады. Бұл шамадан тыс қан тамырлардың созылуынан пайда болады. Қан тамырдың кеңейуі кезінде аяққа ауырлық туғызып, ыстығы көтеріліп, сіңір тартылады. Бұны болдырмас үшін:Аяққа жайлы аяқ киім
Аяқты жғары көтеріп жатуға тырысыңыз
Ұзақ уақыт көп турмау
Ауыр көтермеңіз
Ыстық будан аулақ болыңыз
Салмағыңызды қадағалаңыз
Гимнастика
Арнайы варикоға қарсы профилактикалық шұлық
Егер нәтиже болмаса дәрігермен кеңесіңіз асқындырып алмаңыз.

hod

Босанғаннан кейінгі тері күтімі

Босанғаннан кейін әр әйелдің қалыпқа келуі қиындық тудырады, әсіресе терінің созылуы кей жағдайларда жыртылып кетуі. Бұндай проблемалармен күресу әрине қиындық тудырады. Біз бұл проблемамен күресудің жолын ұсынбақпыз. Балаңызды дүниеге акелгеннен кейін ерінбей өзіңізге күтім жасаңыз.

Алдымен уақытылы дұрыс тамақтанып жүріңіз. Ас мәзіріңізге дәрумендерге толы тамақтармен толықытырыңыз. Арнайы босанғаннан кейінгі бандажды тағып жүріңіз. Физикалық жаттығулар жасап тұрыңыз. Теріңізге арнайы нәрлендіретін жақпа майларын жағып отырыңыз. Осы кеңестерді орындап өзіңізге күтім жасап жүрсеңіз нәтижесін де көресіз.

vikidis2

Жүктіліктің алғашқы айында түсік тастаудың себептері

Жүктілік кезінде түсік тастау қаупі алғашқы айларда болады. Түсік тастаудың себептеріне тоқтала кетсек.
Түсіктің ең жиі пайда болатын себебі ол генетикалық проблемалар. Қазіргі кезде осы генетикалық бұзылыстарды емдеу өте қиын. Ал енді екінші себеп ол инфекциялық аурулар. Инфекциялық аурулар әсіресе жыныстық жолмен берілетін инфекция түсік тастаудың себептерінің бірі.

Инфекциялық аурулардың созылмалы қабынуы өте қауіпті. Келесі бір себеп ол горманалды өзгерістер. Күйзеліс бұл да осы түсік тастауға акеп соқтырады. Қатты қорықанда, уайым- қайғы , бұның барлығы іштегі балаға кері әсерін тигізеді. Салауатты өмір салтын ұстанбаған жағдайда. Ол дегеніміз алкоголді ішімдіктер ішкенде, темекі тарту, шамадан тыс кофе , және де дұрыс уақытылы тамақтанбау. Сондықтан уақытылы тамақ ішіп өзіңізді күтіп, таза ауада серуендеп салауатты өмір салтын ұстанғаныңыз дұрыс.